2021 жылдың 21 наурыз күні «Таза табиғат» ұлттық жобасы акциясы аясында Арал қаласында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Осы шараға Арал ауданының барлық мекемелері қатысты.
Аталған акция барысын «Хабар-24kz» телеарнасы түсірілім жасады. Түсірілім барысында «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Сатекеев сұхбат беріп, аталған жобаның және де осы жобаға іс-шара ретінде енген республикалық «Парктер шеруі»-2021 табиғат қорғау акциясы туралы мәліметтер берді.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/140-taza-tabi-at-ltty-zhobasy-aktsiyasy-ayasynda.html#sigFreeIdc3fb2ebf6d