🔹Жыл сайын 2 ақпанда Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күнінде өткізілетін іс-шаралар бүкіл әлем жұртшылығы мен үкіметтерінің назарын біздің планетамыздың тұрақты дамуын қолдаудағы сулы-батпақты алқаптардың құндылығына аударуға арналған.
Суда жүзетін құстардың мекендеу орны ретінде халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер туралы конвенцияға 1971 жылы Рамсар қаласында (Иран) қол қойылды және содан бері Рамсар конвенциясы деп аталады.
🔹Қазіргі уақытта дүние жүзінде 250 миллион гектардан астам аумақты алып жатқан 2400-ден астам сулы-батпақты алқаптар Рамсар халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1294-b-gin-suly-batpa-ty-al-aptar-k-ni.html#sigFreeId82a1dd0d6a