Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда жануарларды қорғау және күзету іс - шараларын ұйымдастыру негізінде қыс мезгілінде олардың табиғи түрде қоректенуіне қиындық туындауы себебінен қосымша азықтандыруды іске асыру көзделген.
Осы орайда, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы жыл сайын желтоқсан - ақпан айларында биотехникалық іс - шараларды іске асырады.
Бұл іс-шаралар қысқы мезгілде қорық аумағындағы Қызыл кітапқа енгізілген маңызды түрлер мен өзге де жануарлардың қыстан аман шығуының бірден-бір кепілі.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1286-biotekhniyaly-is-sharalar.html#sigFreeId54a72e240a