Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Жолдауында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына үлкен назар аударған болатын.
Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “адал адам – адал еңбек – адал табыс” патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
Аталған акция Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2024 жылы бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр.
2025 жылдың 15 қаңтар күні қорық қызметкерлері Арал қаласының мектеп оқушыларымен бірлесіп жабық тамырлы жүйе әдісімен Арал өңіріне тән сексеуіл дәндерін арнайы құтыларда (1000 дана) отырғызды. Алдағы уақытта шыққан өскіндерді аудан көлемінде отырғызу жоспарланып отыр.
Осы орайда, аудан тұрғындарын “Таза Қазақстан” республикалық акциясына қосылуға шақырамыз!
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1284-aral-irinde-taza-aza-stan-aktsiyasy-ayasynda-1000-t-p-sekseuilge-t-ym-sebildi.html#sigFreeId7ab617831e