Арал өңірінің бірегей табиғи нысандары мен тарихи - мәдени мұралары экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. 1937 ж бері Арал өңірінде Хорезм археологиялық - этнографиялық экспедициясы (жетекшілері - С.П.Толстов, М.А. Итина, О.Л.Вишневская және басқалар) зерттеулер жүргізген. Бұл зерттеулердің нәтижесінде, сақ тайпаларының Шірік-Рабат, Бәбіш - молда, Баланды, Жетіасар және т.б. сияқты ежелгі қалалары табылған.
Сонымен бірге, Арал теңізінің құрғап қалған түбінде ХІІ ғасырға жататын, Кердері - 1, Кердері - 2 қалаларының руиналары табылған.

ІХ - ХІ ғасырлық, Бегім-ана мавзолейі Қазақстанның маңызды археологиялық ескерткіші болып табылатынын атап өткен жөн.

Өңірдегі экотуризмді дамытуда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының айтарлықтай маңызды рөлі бар. Қорық - бірегей табиғи «зертхана» болып табылады, мұнда континентальды жағдайда постаквальды экожүйелер қалыптасуының бастапқы сатыларын бақылауға болады, олар абиотикалық орта мен биотаның құрамдас бөліктерінің даму процесстерін, қоршаған ортаның өзгеруіне түрлердің бейімделу механизмдерін, табиғи кешендердің құрылысы мен құрамының қайта құрылуын зерттеу үшін маңызды.