Татар шөпжияры (лат. Ixiolirion tataricum) - шөпжиярлар тұқымдасының Қазақстандағы туыстың жалғыз өкілі, жусанды-қаулы, қаулы - бетегелі далаға шөл және құрғақ тау бетейлеріне тән мекендеуші. Солтүстіктен басқа Қазақстанның барлық территориясында кездеседі.

Морфологиялық құрылысы және ырғағы бойынша - эфемероид болып табылады. Құрғақ қою қошқыл түсті қабыршақты жұмыртқа тәрізді пиязшық (30 - 40 см) тереңдей енген, сабағы 50 см - ге дейін биіктікте, жапырағы таспа тәрізді, төменгілері жиылып шоқтанған. Ортаңғылары мен жоғарғылары жайлап қысқара келе, үлбірек гүлжапыраққа ауысады. Гүлдері 3 см - ге дейін биік, қоңрауға ұқсас, қысқа түкті, шашақ гүл шоғырына жиналған. Гүл серігігі жапырақшалары және аталық саны алты, үш ұяшықты (байланыс) дәнекер.

Сәуір - мамырда гүлдейді, гүл түсін жиі өзгертеді - өзіне тән көктен сия-көкке, одан - ашық (лиловый), күлгіндеу және аппақ түске дейін. Жемісі созыңқы, түйреуіш тәрізді қауашақ - көмірдей қар түсті, кесек, (үлкен) бірнеше ондаған тұқымы бар. Тұқымынан сондай - ақ вегетативті түрде ұсақ шар тәрізді пиязшықтардың көмегімен жақсы көбейеді.

Татар шөпжияры көгалдандыру мақсатында қызықтырады. Барлық аймақтарда ешқандай қиындықсыз тұқымымен де, пиязшығмен де бірге өсіруге мүмкіндік бар, күтімді қажет етпейді.