Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту жұмыстары аясында қазан-қараша айлары аралығында “Құлан” акциясы жүргізілді.

Акция барысында бірқатар мектептерде “Құлан - еркіндікті сүйген жаратылыс” тақырыбында сабақтар өткізіліп, мекеменің әлеуметтік желілерінде аталмыш Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар туралы ақпараттар мен бейнежазбалар жарияланды.