3 қараша - Халықаралық биосфералық резерваттар күні. Осы күнге орайластырылып Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараға ауданымыздың оқушылары қатысып, биосфералық резерваттар маңызы туралы ақпарат алды. ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары - бұл құрлықтық және жағалаудағы / теңіз экожүйелерінің аумақтары немесе ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» (MAБ) бағдарламасы бойынша халықаралық деңгейде танылған экожүйелердің жиынтығы. ЮНЕСКО биосфералық резерваттары әлемдік биосфералық қорықтардың желісін құрайды, онда әрбір биосфералық резерват ол орналасқан мемлекеттің егеменді құзырында болады. ЮНЕСКО биосфералық резерваттары үш негізгі өзара байланысты міндеттерді атқарады: - генетикалық қорларды, биологиялық түрлерді, экожүйелер мен ландшафттарды қорғауға арналған қорғау қызметі; - тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесу қызметі; - табиғатты қорғау және тұрақты даму жөніндегі жергілікті, ұлттық және ғаламдық іс-шараларға байланысты демонстрациялық жобаларды, экологиялық білім мен оқытуды, зерттеулер мен мониторингті қолдау үшін ғылыми-техникалық қолдау қызметі. Барсакелмес Биосфералық резерваты ЮНЕСКО-ның әлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне 2016 жылы кірді. Барсакелмес биосфералық қорығының жалпы ауданы 407132 га. Негізгі аймақ (Барсакелмес мемлекеттік қорығының аумағы) - 163 126 га, буферлік аймақ - 52160,54 га, дамыту аймағы - шамамен 191 845,46 га. БР-тың негізгі аймағы - Арал аймағының табиғи кешендерін білдіретін Барсакелмес қорықтық тәртібінің қатаң қорғалатын аймағы. Барсакелмес мемлекеттік табиғи резерваты Халықаралық табиғатты қорғау одағының табиғи аумақтарының ең жоғары санатына (A1) сәйкес келеді.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1115-khaly-araly-biosferaly-rezervattar-k-ni.html#sigFreeId2b295fbc96