Бұл күн еліміздің тарихында ерекше орын алады. Тәуелсіздік – біздің халқымыздың асыл мұрасы, ата-бабамыздың арманы. Тарихымызды ұмытпай, келешек ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз.
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқанымызға шүкір, бірақ осы тәуелсіздікті сақтау үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Отанымызды сүю, оның мүддесін қорғау – біздің басты парызымыз.
Бүгінгі күні елдігімізді, ұлттық бірлігімізді нығайту үшін әрбір азаматтың белсенділігі маңызды.