Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында кәсіби мереке - Орман шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Орманшылар Күні атап өтіледі.

Осы орайда, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-нің директоры Х.Қаниев мырза қорық қызметкерлерін орман қорғау ісіне қосқан үлестері үшін марапаттады.

Орманшы - орман шаруашылығының маманы, мемлекеттік орман күзетінің қызметкері.
Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстандағы бұл кәсіби мерекені 2017 жылы Қазақстан Үкіметі, орман өнеркәсібі қызметкерлерінің экономика мен экологиялық қауіпсіздікке қосқан үлесін атап өту үшін ресми түрде белгіледі.

Орман шаруашылығындағы жұмыс үлкен күш-жігерді, батылдық пен жанқиярлықты талап етеді. Орманшылардың арқасында ормандарымыз әлі де әсемдігімен, тіршілік күш-қуатымен қуанта береді.

Орман шаруашылығы саласындағы барлық әріптестерімізді кәсіби мейрамымен құттықтаймыз!
Қызметтеріңізде үлкен жетістіктер мен асу белестеріңіз көп болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Осы қиын да құрметті кәсіптеріңізден талмай, жемісін көріңіздер!