АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БАРСАКЕЛМЕС ҚОРЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖӘНЕ ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесу барысында облыстық штаб мүшелері дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, электр энергиясын өндіруде АЭС-ның рөлін айтты. Қазіргі таңда озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде өз жетістігін беруде.

“Біздің еліміз де дамыған елдер қатарына қосылғысы келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз орынды. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді, әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді”.

Кездесуде Барсакелмес қорығының ұжымы АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен қойылған сұрақтарға жауап алды.