Қарабай Қарабай (лат. Plegadis falcinellus) - ескекаяқтыларға жататын құс. Саны күрт кеміп бара жатқан түр, таралуы әртүрлі. Қарабай - орташа өлшемді құс. Дене ұзындығы 48-66 см (орта есеппен шамамен 56 см), қанатының ұзындығы 88-105 см, тұмсықтың ұзындығы 9-11 см, дене салмағы 485-тен 970 г-ға дейін өзгеруі мүмкін. Қарабай құсы қамысты жерлерде, тұщы және аздап тұздалған су қоймаларында, таяз сулар және су басқан шабындықтарда мекендейді. Санының азаюына әсер ететін негізгі факторлар - су деңгейінің көтеріліп кетуі, қамысты шауып алу, өрттің жиілігі, аңшылық, ұялы мекенін адамдардың мазалауы.