Қазақ ССР Халық комиссалар кеңесінің 1939 жылғы 10 желтоқсадағы қаулысымен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы құрылған болатын. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы өз тарихында талай жетістікпен қиындықты басынан өткізді. Мінекей бүгінде Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына 80 жыл толып отыр.

 

Осы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының 80 жылдығына орай "Қазақстанның биосаналуандылығын сақтау қоры" Корпоративтік Қоры, Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Халықаралық Аралды құтқару қоры, Корея Орман қызметі, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы және БҰҰДБ-ның ұйымдастыруымен Арал қаласында 2019 жылдың 21-22 қараша күндері "Тозған жерлерді қалпына келтірудегі шөлейттенумен күрес" атты Халықаралық конференциясы болып өтті. Семинарға Корея, Өзбекстан, Түрікменстан және Моңғолия республикаларының ғалымдары, табиғат қорғау саласының мамандары мен ерекше қорғалатын табиғат қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты.

 

Семинар барысында отандық және шет елдік ғалымдар шөлейттену процестеріне қарсы күресу жұмыстарымен және тозған жерлер мен сексеуілдерді қалпына келтіру тәжірибесімен бөлісті. Корея университетінің профессоры Yowhan Son "Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғаған түбінің Фитоорманмелиорациясы" жобасын таныстырды. Түркіменстанның қоршаған ортаны және жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің шөл және фаунасы Ұлттық институтының жетекші зерттеушісі Вейсов Сұлтан

 

Сонымен қатар, Моңғолия университетінің профессоры Ням Осор Батхуу Моңғолиядағы сексеуіл ормандарын қалпына келтіру және сақтау тәжірибесі туралы айтып берді. Семинар аясында қатысушылар Барсакелмес қорығының аумағын көгалдандыру бойынша пилоттық жобаcымен танысты.