«Бутаков мүйісі» экомаршрутының туристік-экскурсиялық маңызы бар. Жүру сипатына қарай автомобилді және жаяу жүріс. Соқпаққа келген адам саны 5-7-ден аспауы керек. Аялдамаларды есепке алғанда жүру уақыты 10 сағат 55 минут, ұзақтығы 274 км. Қаратерең елді мекенінен басталып Кердері-1 ТМЕ – Кордон – А.И. Бутаков стелласы – Бутаков мүйісін қамтып, қайта Қаратерең елді мекенімен аяқталады. «Барсакелмес» кластерлік бөлігіне жақын орналасқан «Кердері-1», «Кердері – 2» археологиялық қазындалыр да көптеп қызығарлық жерлер. Арал теңізінің құрғап қалған түбінде ХІІ ғасырға жататын, Кердері-1, Кердері-2 қалаларының руиналары табылған. Кердері — Арал теңізінің кепкен табанынан табылған кесене. Шамамен XI—XIV ғасырларға жатқызылады. Ұзақ уақыттар бойы 20 м тереңдікте жатқан. 2001 жылдың 27 шілдесінде Қызылорда мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы нәтижесінде табылды. 1848 жылы Арал теңізінің жағалауларын және аралды зерттеу А.И.Бутаков бастаған экспедицияға тапсырылған. Экспедиция алғаш рет Барсакелмес аралын 2 жылдай зерттеп, көлемі, пішініне, топырығына, рельефіне, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне сипаттама берген. Осы экспедиция құрамында Украинаның көрнекті жазушысы мен сүретшісі Т.Г.Шевченко болған. Оның Барсакелмес аралы туралы салған суреттері қазіргі таңда Санкт-Петербургтегі Теңіз Мұражайында және Т.Г. Шевченко мұражайында көрініске қойылған. 100 жылдан соң Барсакелмес аралының оңтүстік батыс бөлігінде А.И.Бутаковке арнап ескерткіш тақта (Стелла) орнатылды. Соқпақ жаяу Батыс Кебірсай арқылы беткейге көтеріліп жусанды даламен Бутаков мүйісінде орналасқан А.И.Бутаков экспедициясына арналған есткерткіш арқылы өтіп, оңтүстік бөлігіндегі тік жарларға жетіп тоқтайды. Бұл арадан Үлкен Арал теңізін көруге болады. Сонымен қатар, шөлді аймақтарда өсетін сексеуіл, бұйырғын, жусан, ит жуа т.б өсімдіктерді кездестіруге болады. Жаяу жүру соқпағының ұзындығы 2 км-ге созылған. Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:
1) бағыты бойынша: туристік-экскурсиялық, ғылыми-танымдық, оқу-ағартушылық;
2) орналасу түрі бойынша: аралас - автомобильді, жаяу жүріс;
3) қолданыс уақыт бойынша: маусымдық;
https://barsakelmes.kz/kz/turistik-marshruttar/butakov-m-jisi-turistik-marshruty/723-butakov-m-jisi.html#sigFreeIdfc1e7e1a64