6-7 наурыз күндері Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мемлекеттік инспекторларына оқу-сабақтары өткізілді. Сабақтар:
- Қорықтың биоәркелкілігіне маусымдық бақылаулар жүргізу әдістері
- Өрт қауіпті маусымға дайындық
-Алғашқы медициналық жәрдем көрсету
-Аса қауіпті жұқпалы аурулардан сақтану жолдары
- Қорықта заңбұзушылықтардың алдын алу
-Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
Тақырыптарында өтті.
Аталмыш сабақтарды жүргізу мақсатында – Аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесі, А.Байтұрсынов атындағы ауылдық емханасы және Арал обаға қарсы күресу стансасынан қызметкерлер келді. Сондай-ақ, мекеменің басшысы Х.Қаниев, басшы орынбасарлары Г.Ембергенов пен Г.Сатекеев және мекеме заңгері Ғ.Үмбетовтер тиісінше тақырыптарда тәжірибелік сабақтар жүргізді.