Құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болуы қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлардың, өрттің алдын-алу шаралары ұйымдастырылады.
Қатерлерді орманды, дала алқаптарда өрттердің себептері әртүрлі: демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды.
Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың қылқан жапырақтарының, бүлінген орман учаскелерінің, шымтезекті батпақтың маңында, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіру, топырақпен көму немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек.
Құрметті аудан тұрғындары!
Жоғарыда аталып өткен кез-келген себеп өрттің болу қаупіне себеп болатынын ескере келе қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамай, табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.
https://barsakelmes.kz/kz/ory-ty-yzmeti/tabi-i-keshenderdi-or-au-yzmeti/k-zet-zh-mystary/952-orman-zh-ne-dala-rtterini-aldyn-alu.html#sigFreeId2764a787cd