Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының мемлекеттік инспекторлары Арал аудандық балық инспекциясы қызметкерлерімен бірігіп қорық аумағы мен оның қорғау аймақтарындағы су айдындарында аэрация жұмыстарын жүргізді.
Су айдындарының аэрациясы - судағы биологиялық процестер қалыпты жүруі мақсатында суды оттегімен байыту. Оттегі су тұрғындарының тыныс алуы үшін ғана емес, органикалық заттардың ыдырауы үшін де қажет.
Аэрация жыл бойына қажет, бірақ қыс мезгілінде бұл мәселе өте өзекті.
Қыс мезгіліндегі аэрация жұмыстары кезінде мұз астындағы оттегіні біркелкі тарататын арнайы су асты жабдығы пайдаланылады. Бұл кезде ауа бүкіл су беті арқылы тасымалданады және ол мұз қыртысының өсуіне жол бермейді. Бірақ кейде мұз қыртысы айтарлықтай өсіп кетуі мүмкін, бірақ бұл жағдайда да оттегі балықтың қыста аман қалуына көмектеседі.