"Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының" ғылым, ақпарат, мониторинг және экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері және қорықтың мемлекеттік инспекторларының қорық аумағында мекен ететін жануарлардың күзгі санақ жұмыстарын жүргізді. Санақ жұмыстары кезінде қорық аумағы толығымен қамтылды.
Санақ жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енген келесі түрлер есепке алынды:
Түркімен құланы - 817  бас
Қарақұйрық -  272 бас
Шағыл мысығы - 5 бас
Жануарлар дүниесін есепке алу деректері Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесінің кадастры мен мониторингiн жүргiзу үшiн негiз болып табылады.