Алдамжаров Рүстем Шынтайұлы 1965 жылы Арал теңізінің бұрынғы Қасқақұлан аралында (2005 жылдан бері Барсакелмес қорығына қосылған) дүниеге келген. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында 2000 жылдан бері мемлекеттік инспектор қызметін атқарып келеді, жұмыс өтілі – 23 жыл.
Осы кезге дейін өз қызметін абыроймен атқарып, жұмыс барысында өзін тек жақсы жақтарымен көрсетіп келеді. Қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі жоғары дәрежеде және де қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде атсалысады. Өзінің қызметтік міндеттерін адал орындайды. Барсакелмес қорығында қызмет еткен жылдары кәсіби салада көптеген марапаттарға ие болды. Мысалы, 2023 жылдың қыркүйек айында Р. Алдамжаров «Арал теңізін құтқаруға қосқан үлесі үшін» Халықаралық Аралды құтқару қорының төсбелгісімен марапатталды.
Рүстем Шынтайұлы Барсакелмес қорығына қызметке әкелген оның табиғатқа деген қамқорлығы мен махаббаты деп біледі. Ол жастарды тәрбиелеуде басты назарды табиғатты сүю және оны аялауға қою керектігін айтады. Рүстем өз немерелерін де осы қағидамен тәрбиелеуде және де олар атасының ісін жалғастырады деген үмітте.
#менорманшымын #ялесник
https://barsakelmes.kz/kz/ory-ty-yzmeti/tabi-i-keshenderdi-or-au-yzmeti/k-zet-zh-mystary/762-men-ormanshymyn-2.html#sigFreeId67ac4c30cb