Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарларды қорғау және күзету іс-шараларын ұйымдастыру негізінде қыс мезгілінде олардың табиғи түрде қоректенуіне қиындық туындауы себебінен қосымша азықтандыруды іске асыру көзделген.

Осы орайда, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы желтоқсан-ақпан айларында биотехникалық іс-шараларды іске асырады. Іс-шаралар барысында жануарлардың көптеп кездесетін жерлеріне сұлы жемін арнайы астауларға орналастырады.