Құрметті оқырмандар, Халықаралық әйелдер күні мейрамына орай Сіздерге "Табиғатпен тілдескен арулар" айдарын ұсынамыз!

Есенова Алма Алма-Атықызы - Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту инженері. Барсакелмес қорығында 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Жалпыуниверситеттік магистратура факультетін "Экология" мамандығы бойынша тамамдаған.
Есенова Алма жұмыс барысында өзін жануарлар дүниесін қорғау, сақтау және пайдалану заңнамалары саласындағы қажетті білімі және кәсіптік тәжірибесі бар маман ретінде көрсете білді. Өзін адал, бастамашыл, еңбекқор, топпен жұмыс жасай білетін және әріптестерінің құрметіне ие қызметкер ретінде танытты.
Сонымен бірге, Барсакелмес қорығында қызмет еткен жылдары аралығында бірнеше ғылыми мақалалар жариялап, бірқатар ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысты.
Кәсіптік біліктілігін үнемі арттырып отырады.
Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары,жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларымен жақсы таныс және оларды шешуде үлкен тәжірибесі бар.
Алма экологиялық ағартуды табиғат қорғау ісіндегі маңызды құралдардың бірі ретінде таниды.