БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. Жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін бұл күні Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі халықтың назарын қоршаған орта проблемаларына аудартады.
Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні - көшедегі шеру, велосипедистер парады, «жасыл» концерттер, мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ қалдықты қайта өңдеу науқаны және айналаны тазарту сияқты қызықты шаралар жасалады.
Қазақстан Республикасында бұл шара атап өтіледі және еліміздің әр аймағында түрлі шаралар ұйымдастырылады.