Аудандық орталық кітапханада 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай "Кітап әлемінің сиқырлы түні" атты құпия сырға толы КІТАПХАНА ТҮНІ  өткізілді. «Kітап әлемінің сиқырлы түні» кітапхана түнінің мақсаты – кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.
Барсакелместіктер керемет ғажайыпқа толы кештің төмендегіше бөлімдерінде ерекше белсенділік танытты:
«Дәмді кітаптар» Библиокафе
«Түнгі кітаптар сыры» Кітаптар айтысы
«Мені оқы»  кітап аукционы
«Жастардың жалынды алаңы» Ретро кеші