Сәуір айының үшінші сенбісі елімізде Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні болып бекітілген.
Жыл сайынғы дәстүрге сай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен және республикалық "Парктер шеруі"-2023 табиғат қорғау акциясы аясында атаулы күні жасыл екпелерді отырғызу бойынша іс-шара жүргізеді.
Биыл да Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні 15 сәуірге сәйкес келуіне орай көгалдандыру шаралары Арал ауданының #71 орта мектебінде бастау алды. Көгалдандыру жұмыстары аясында мектеп ауласына үйеңкі, сыр талы, қара тал және сексеуіл түптері отырғызылды.