Республикалық "Парктер шеруі"-2023 табиғат қорғау акциясы аясында Қызылорда қаласының жоғарғы оқу орындары студенттері арасында танымдық "Qazaqsha quiz" өткізілді. Аталмыш шарада студенттерге 5 кезеңнен тұратын тапсырмалар берілді. Оның ішінде табиғат қорғау саласы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы қызықты сұрақтар қойылды. Qazaqsha quiz-ге қатысқан барлық студенттерге қорық тарапынан естелік сыйлықтар таратылды.