"Парктер шеруі"-2023 табиғат қорғау акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері Қызылорда қаласында Арал теңізі күніне орайластырып "Аралым - айдын шалқарым" атты мектеп оқушыларымен кездесу жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға Арал теңізінің тарихы мен қазіргі таңғы жағдайы, Барсакелмес қорығының теңіз тарихымен ұштасуы және табиғат қорғау ісінің маңызы туралы баяндалды.