Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында республикалық "Парктер шеруі" -2023 табиғат қорғау акциясы аясында "Табиғат - тіршілік нәрі" атты Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы А.Жолқанов табиғат қорғау саласындағы заңнамалармен және Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту инженері А.Есенова қорықтың маңызы мен биоәркелкілігі туралы баяндады. Сонымен қатар, қорық қызметкерлері табиғат қорғау, өрттің алдын алу, биоәркелкілік туралы тақырыптарда буклеттер мен үнпарақтар таратты.