Бүгін Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні және "Парктер шеруі"-2023 акциясы аясында Арал қаласының әкімдігі мен Барсакелмес қорығының ұйымдастыруымен Арал қаласының "жасыл белдеуіне" ауқымды тал отырғызу шарасы жүргізілді. Бұл — ел бойынша қолға алынып жатқан шара. Тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, ауылымыздың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы. Іс-шараға Барсакелмес қорығы, Арал қаласы әкімдігі, аудандық бөлімшелер қызметкерлері мен аудан маслихатының депутаттары қатысты.
Айта кететін жай республикалық "Парктер шеруі"-2023 акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары 21 сәуір күні де Барсакелмес қорығының ұйымдастыруымен жалғасын таппақ.
"Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясы - Арал өңірінде 2000 жылдан бастау алып, "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесімен жүргізіліп келеді. "Парктер шеруі" табиғатты қорғау акциясы мектеп оқушылары мен жасөспірімдерді отансүйгіштік пен табиғатты аялауға, туған өлкесіне жанашырлықпен қорғауға тәрбиелеуге үлкен маңызға ие.
https://www.barsakelmes.kz/kz/ory-ty-yzmeti/ekologiyaly-a-artu-yzmeti/ekologiyaly-a-artu-is-sharalary/517-b-kil-aza-standy-a-ash-otyr-yzu-k-ni.html#sigFreeId20d9304baf