Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының «Қасқақұлан» кластерлік учаскесінде «Мөлдір бұлақ» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — сирек кездесетін жануарлар үшін маңызды су көздерін тазарту және табиғи экожүйелердің жағдайын жақсарту.

Акция аясында келесі жұмыстар атқарылды:

Қызыл кітапқа енген жануарлардың негізгі су көзі болып табылатын бұлақтардың маңы тазартылды;

Бұлақ арналары кеңейтіліп, табиғи қалпына келтірілді;

Су экожүйесінің жалпы жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар жүзеге асырылды.

Іс-шараға Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері қатысты.

Бұл жұмыс «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткізіліп, еліміздің табиғи байлықтарын сақтауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және болашақ ұрпаққа таза табиғатты аманаттауға бағытталған.

Анықтама:
«Қасқақұлан» кластерлік учаскесі Арал өңірінің биоалуандығын сақтау бағытында маңызды рөл атқарады. Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктердің сирек