2025 жылдың қыркүйек айында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасына сәйкес Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында бірқатар экологиялық сабақтар мен дәрістер өткізу жоспарланған.

Аталған шаралар қорыққа жақын орналасқан елді мекендер мен Арал қаласындағы білім беру мекемелерін қамтиды.

Жоспарға сәйкес, 18 қыркүйек күні Қаратерең елді мекеніндегі №82 орта мектебінде экологиялық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға - Қазақстандағы биоалуантүрлілік және оны сақтау маңыздылығы, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының табиғи ерекшеліктері, қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтер ұсынылды.

Сонымен қатар, табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.