Мемлекеттік табиғи қорығының «Дельта» учаскесінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза өлке» атты сенбілік ұйымдастырылды.
 
Іс-шара барысында Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр сағасында тазалық жұмыстары жүргізілді. Барсакелмес қорығы мен Қызылорда ООШЖДАИ қызметкерлері аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғи ортаға ұқыпты көзқарас танытты.
 
Акциялар қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған орта aмәселелеріне назар аударуға және табиғатты аялау жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.
 
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы акцияға белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді және табиғатты бірге қорғауға шақырады.