Тамыз айының 24 жұлдызында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жұмыстар қорықтың барлық кластерлік учаскелерін - Барсакелмес, Қасқақұлан, Дельта және Арал қаласындағы қорықтың кеңсе ғимараты маңын қамтыды.