Қасқалдақ

Қасқалдақ (лат. Fulica atra) —тырнатәрізділер отрядының сутартарлар тұқымдасына жататын құс.

Дене тұрқы 40 см-дей. Басқа құстардан ерекшелігі - маңдайында ақ тері қатпары болады (аталуы осыдан). Аяғы қысқа, башайларында жапырақ тәрізді тері қатпарлары бар. Қанаттары қысқа (19-23 см), ұшқанда суды қанаттарымен сабалап ауыр көтеріледі, ұзаққа ұша алмайды. Жақсы жүзеді, құрлыққа көп шықпайды, өте сирек сүңгиді.
Ересек құстардың бас, мойын және құйрықасты қауырсындарының түсі қара, арқасы жылтыр қара сұр, бауыры жылтыр сұр. Мекенінің салмағы 500-700 г, қоразы ірілеу, 600-900 г-дай болады. Қауырсыны, мамығы сұр, қара, тек маңдайы ақ, сондықтан «қасқа», «қасқалдақ» деп аталған.

Қорегі - әр түрлі омыртқасыздар (су жәндіктері мен олардың дернәсілдері, моллюскілер) мен су өсімдіктерінің жапырақтары, жасыл сабақтары, тұқымдары, кейде майда шабақтарды да ұстайды.

Қасқалдақ - жыл құсы. Наурызда ұшып келеді. Ұясын жағасы батпақты, қамыс пен өлеңшөп өскен шағын көлдер мен олардың жайылымдарына, қалың жықпылдар арасына салады. Жасыл сарғыш түсті дағы бар ақшыл түсті 5-12 (көбінесе 7-9) жұмыртқаны мекені мен қоразы бірге 2-3 апта шайқайды. Жұмыртқадан қара мамықты балапан шығады.

Европа, Азия, Солтүстік Африка, Австралияда, Сібір мен Қиыр шығыстың оңтүстігінде, Орта Азияда таралған. Қазақстанда сусыз шөлдерден басқа аймақтарда жаппай кездеседі. Қысқа қарай Каспий, Жерорта теңіздері, Алдыңғы жане Оңтүстік Азия, Солтүстік Африкаға ұшып кетеді.