Бұлдырық (лат. Syrrhaptes paradoxus)— Бұлдырықтәрізділер отрядының жалғыз тұқымдасы.Бұлдырық Қазақстанның шөл-шөлейтті аудандарында кездеседі.

Қанатының ұзындығы 19 – 27 мм, салмағы 200 – 500 г. Бұлдырықтың басы кептерге ұқсас, тауық тұмсықты, сұңқар төсті, қанаты ұзын әрі сүйір, құйрығы үшкір, аяғы қысқа. Қауырсыны қалың, арқасы сарғыш, сұр, бауыры қара не ақшыл. Қоразы мекиеніне қарағанда реңді келеді.

Бұлдырық – жыл құсы. Кей жылдары аудандарда қыстап қалады. Жусан, сораң өскен құмды, тасты, шөлді жерлерді мекендейді. Наурызда ұшып келіп, 2 – 3 жер түстес жұмыртқасын өздері тебіндеп жасаған шұңқырларға салады. Оны қоразы мен мекиені кезектесіп басады. Бұлдырық өте шапшаң ұшады. Ұшқанда дамылсыз дыбыс шығарады. Ағашқа, бұтаққа қонбай тіршілігін жерде өткізеді. Бұлдырықтар түрлі өсімдіктердің тұқымдарымен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Суат іздеп 20 – 30, кейде 60 – 70 км-ге ұшып барады. Бұлдырық балапандарына суды төсі мен бауырындағы қауырсындарының арасындағы қуысына құйып алып келеді.

Қазан – қараша айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Қазақстанда мекендейтін ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық және қылқұйрық бұлдырық қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» еңгізілген.

#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рубрика_животныймир_БГПЗ 
#орнитофауна
#барсакелмес 
#барсакелмес_мтқ 
#барсакельмес 
#барсакельмесский_гпз 
#barsakelmesnaturereserve 
#barsakelmes_reserve 
#barsakelmes 
#barsa