Сыбырлақ аққу (лат. Cygnus olor) - қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын құс.
Қазақстанның жазық аймақтарындағы су айдындарында кездеседі.
Қауырсыны аппақ, балапанында сұр түсті болады. Мойны жіңішке, қызыл түсті тұмсығында қара бұдыр анық көрінеді. Аяғы көбінесе қара түсті. Суда жүзгенде мойны иіліп, латын әліпбиіндегі S әрпіне ұқсайды. Ұшқан кезде дыбыс шығармайды, мазасызданған кезде кейде сыбырлағандай болады, құстың аты осы қасиетіне қарай қойылған. Жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, қазан айының соңында жылы жаққа қайтады.
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/zhanuarlar-d-niesi/star/1236-sybyrla-a-u-2.html#sigFreeId9849d10b2c