Даланың еркін тынысы – қарақұйрық Барсакелмес қорығының кең даласында көзге бірден түсе бермейтін, бірақ табиғаттың айрықша көркін айшықтайтын сұлу жануар бар. Ол – қарақұйрық. Желмен жарысқан жүйрік, құм мен даланың тынысын бойына сіңірген қарақұйрық – шөлейт табиғаттың нәзік те қайсар тіршілігінің символы. Қорық аумағында оның әрбір ізі – табиғаттың амандығының, әрбір қимылы – дала тіршілігінің жалғасып жатқанын көрсетеді. Бір сәттік кадрға сыйғанымен, қарақұйрықтың табиғаттағы орны ерекше. Барсакелмес – жабайы табиғаттың еркін мекені!
Табиғатты қорғайық.
Тіршілікті аялайық.










