Барсакелмес қорығының Қасқақұлан учаскесінде қарақұйрықтар фототұзаққа түсті.
Қарақұйрық (Gazella subgutturosa) 1970 жылдан бері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оның жойылу қатері ІІІ санатқа жатқызылған, бұл сирек кездесетін түрлердің қатарына жатады. Бірқатар аймақтарда қарақұйрықтың саны мен мекендеу ортасы азайып барады.
Қарақұйрық шөл және шөлейт ландшафттар фаунасының типтік өкілі болып табылады. Олардың түсі қоңыр, ал құйрықтары қара түсті. Барлық газелдер сияқты олардың тұяқтары өте кішкентай.
Қарақұйрық сымбатты әрі жеңіл дене бітімімен ерекшеленеді. Жылдам жүгіру кезінде олар ақбөкеннен де ұзақ қашықтықты оңай жүгіре алады, сағатына 60 км жылдамдыққа жетеді. Бұл қарқынмен олар 15 км жүгіре алады.
Барсакелмес қорығындағы қарақұйрықтар популяциясы Арал теңізінің тайыздануымен және құландар сияқты жаңа жайылымдар мен суару орындарын іздеумен Қасқақұлан аралына қоныс аударды. Сирек кездесетін жануарларды сақтау және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 қаулысымен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына 3 суат көздері мен жақсы жайылымдық жерлері бар Қасқақұлан учаскесі қосылды.
2022-2024 жылдар аралығында жүргізілген бақылаулар бойынша қарақұйрық қорықтың барлық аумағында дерлік кездесе бастады. Өсу динамикасы жыл сайын артып келеді.
2024 жылғы күзгі санақ бойынша қорық аумағында 298 қарақұйрық дарасы тіркелген.
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/zhanuarlar-d-niesi/s-t-orektiler/1130-as-a-lan-uchaskesinde-ara-jry-tar-fotot-za-a-t-sti.html#sigFreeId5068ec2d43