Жүйрік кесіртке немесе кәдімгі кесіртке (лат. Lacerta agilis). Тұмсықтың ұшынан анусқа дейінгі дененің максималды ұзындығы 11,4 см - ге, ал құйрығы 19 см - ге жетеді. Популяцияға байланысты еркектер аналықтарына қарағанда үлкен де, кіші де болуы мүмкін. Кесіртке қоңыр немесе жасыл реңктермен боялған, көбінесе еркектер жұптасу кезеңінде жасыл түске ие болады. Ол далада, сирек ормандарда, өзен аңғарлары бойында кездеседі. Шұңқырларды баспана ретінде пайдаланады.
View the embedded image gallery online at:
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/zhanuarlar-d-niesi/bauyrymen-zhor-alaushylar-zh-ne-osmekendiler/1228-zh-jrik-kesirtke-2.html#sigFreeId5f79d59c65
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/zhanuarlar-d-niesi/bauyrymen-zhor-alaushylar-zh-ne-osmekendiler/1228-zh-jrik-kesirtke-2.html#sigFreeId5f79d59c65