Торта (қаракөз) (лат. Rutilus rutilus) – тұщы су қоймаларында да, жартылай тұзды су қоймаларында да мекендейтін тұқы тұқымдасына жататын, сәулелі қанатты, жартылай өткінші балықтар. Оңтүстік Англия мен Пиренейдің шығысында, Альпінің солтүстігінде бүкіл Еуропада, сонымен қатар Сібірдің өзендері мен көлдерінде, Каспий және Арал теңіздерінің алаптарында кездеседі. Денесінің максимальды ұзындығы 50 см-ден жоғары, салмағы кг-ға дейін, ең ұзақ өмір сүру ұзақтығы – 21 жылды құрайды.

Торта балықтың арқа жағы қанық түсті жасыл немесе көк түстес, ал денесінің қалған бөлігі күміс түстерімен ерекшеленеді. Ауыз бөлігінің айналасында өткір емес жұтқыншақ тістері орналасқан, ал денесі жеткілікті үлкен қабыршақтармен қапталған. Тұмсықтарының соңында ауызы орналасқан. Қабыршақтары күміс түсті болып келеді.

Тіршілік ету ортасына байланысты 3 – 5 жасында жыныстық жетілуі дамиды. Уылдырық шашу уақыты ерте көктемде басталып, мамыр айында аяқталады, уылдырықтары кішкентай, диаметрі небәрі 1,5 мм құрайды. Тұщы суда тіршілік ететіндері планктон және бентоспен, ал өткінші түрлері негізінен қосжақтаулы моллюскалармен және шаянтәрізділермен қоректенеді.

#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рубрика_животныймир_БГПЗ 
#ихтиофауна
#барсакелмес 
#барсакелмес_мтқ 
#барсакельмес 
#барсакельмесский_гпз 
#barsakelmesnaturereserve 
#barsakelmes_reserve 
#barsakelmes 
#barsa