Біздің ең ірі үкіміз (шамамен 3 кг, қанаттар құлашы 1.8 м дейін). Әдеттегі үкі бейнелі, бүкіл қауырсыны қоңыр ағынды суретті. Бет дискісінде қызғылт-сары көздері мен тік тұратын «құлақтары» бар. Түнгі және ымырт жабылатын кезде өмір сүреді. Дауысы – барлығына жақсы танымал «у-ху» айқайы. Еуразияда кең таралған. Қазақстанның барлық жерінде тұрады. Түрлі тіршілік ортасында қоныстайды – далалар мен шөлдерден бастап биік тауларға дейін. Ұясын паналарда – ойықшаларда, тау үңгірлерінде, әртүрлі күркелерге жасайды. 2-5 ақ жұмыртқа салады, оларды аналық бір айдан артық уақыт бойы басып шығарады. Кейін балапандар ұзақ азықтандырылады, сосын ұша білгеннен кейін, оларды ата-анасы күтіп-бағады. Үкілер, көбінесе, ұсақ кеміргіштермен, кейде құстармен қоректенеді. Алысқа көшпейді, көбінесе отырықшы болады. Олардың саны ешқашан көп болмайтын, ал соңғы он жылдықтарда азая бастады. Мүмкін бұл қауырсындағы ағынды сурет – бұл құран жолдары деген нанымға және жергілікті халық балаларға тұмар ретінде пайдаланатына байланысты болар. Санының азаюы себебіне қарамастан, бұл түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және мемлекеттің қорғауында болуда.

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған

 

#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рурика_животныймир_БГПЗ