Дене тұрқы - 210-240 см, шоқтығының биіктігі - 112-126 см, құйрығының ұзындығы 40 см дейін, салмағы 300 кг дейін. Құйрығы жіңішке, ұшында бір шоқ қара түктері бар. Құлақтары ұзын. Жалы кекілсіз, тік.
Терісінің жазғы түсі ақшыл, құм тектес сарғыш, қыста – күңгірттеу. Арқасында шоқтығынан бастап құйрығына дейін жіңішке күңгірт қара жолақ бар. Денесінің төменгі жағы мен сирағының ішкі жағы ақ.
Қауіп төнген кезде жануарлар шоқытып, әдетте тізбектеліп қашады. Қашқан кезде басын жоғары көтеріп алады.
Негізгі мекендейтін жерлері – рельефі анық емес және жері қатты шөлдердің ашық алаңқайлары. Жануарлар ашық құмды жерлерге бармайды. Суаттар мен жайылымдар – құландардың іздеп баратын жерлері. Көбіне «Қасқақұлан» учаскесінде жүреді.
Жануарлар тәуліктің көп уақытында белсенді. Тіке тұрып та, жатып та демала береді. Шаңда, құмда аунай береді. Сирек айқайлайды.
P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған
#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рурика_животныймир_БГПЗ