Сымбатты жіңішке жылан (90 см) құмды-сұр түсті басының пішіні әдемі және көздері үлкен. Құйрығы өте жұқа және өткір. Құмда садақтың атылған жебесін еске сала отырып жебе кейде алысқа секіріп соншалықты жылдам қозғалады, аты да соған лайық. Оның улы тістері жағының жоғарғы бөлігіне алшақ орналасқан және адам үшін қауіп төндірмейді.
Ашық аридті жерлерді ұнатады, құрғақ тау етектерімен 2600 м. дейін жоғары көтеріледі. Кеміргіштердің ініне жасырынады, тоғайларда жақсы өрмелейді. Күндіз белсенді. Наурыз айының басында ұйқыдан оянып інінен шығады, қараша айының ортасында қыстауға кетеді. Мамыр – маусым айларында маусым айының соңына қарай шағылысады – шілде айында аналығы 3 – 11 сопақ, ұзындығы 3 – 5,5 см. және ені 0,7 – 1,5 см. жұмыртқа салады. Жас жыландар шілде немесе тамыз айының соңында пайда болады. Тек қана кесірткелермен қоректенеді, алдымен улы тістерімен тістейді, содан кейін денесімен орап буындырады.
Жебе – жылан Қазақстанның оңтүстік бөлігі мен Орта Азиядан бастап оңтүстік Моңғолия, солтүстік – батыс Қытай, Пәкістан, Ауғаныстан, Иранға және оңтүстік – шығыс Кавказдың ең оңтүстік аудандарына дейін таралған.