Орташа денелі (қарғадан екі еседей ірі) жыртқыш құс. Қанаттары мен құйрығы жалпақ. Реңі қанық қоңырдан ашық жирен түске дейін өзгеріп тұрады. Құйрығы мен басы ақшылдау. Әуеде жиі қалықтайды немесе даладағы бағаналарда отырады. Барсакелмес қорығында жылына кем дегенде 10-12 жұп кездеседі. Көбінесе биіктігі 2-3 метр сексеулде ұялайды. 2-5 жұмыртқа салады. Негізінен Қазақстанның оңтүстік бөлігінде тараған. Кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Республиканың оңтүстігінде қыстайды.