Өте ірі кесіртке (ұзындығы 30 см). Агрессивті жай – күйде, қозған жағдайда немесе жай ғана өте ыстық күндері дала агамасының еркектері жарқын көк – күлгін түсті бояуымен және тамақсуының түсті (қатты қампиып кетеді) көк – күлгін, және төменгі денесі, басының жоғарғы бөлігі көгілдір ақшыл-жасыл және құйрығы қызғылт сары бояуға боялуымен ерекшеленеді. Ұрғашылары ибалы: көк түсті, олардың арқасында көлденең қатарлы жарқын қызғылт - сары дақтар түскен.
Дала агамасы күндіз өмір сүру салтымен тіршілік жасайды және жоғары температураға төзімді. Тіпті күннің ең ыстық уақытында оны құм, саз балшық немесе бұталардың үстінде отырғанын көруге болады. Көктемде және жазда ұрғашылары, бос топырақтан қазылған конус тәрізді шұңқырға 3-10 жұмыртқадан салады. Дала агамасының негізгі тамағы жәндіктер - қоңыздар, шегіртке, құмырсқа, кейде өрмекші тәрізділер және басқа да омыртқасыз жануарлар, болып табылады. Агама гүлдер мен шөптесін өсімдіктердің өркендерін жиі жейді.
Сазды ұсақ тасты және тасты жазықтар мен сирек өсімдікті құм шағылдарда мекендейді, тақырлар мен сортаңдардың шеттерінде сирек кездеседі, адам ландшафтқа айналдырған жерлерде қоныстанған.