Ірі (бір жарым килограммға дейін, қанатының құлашы 135 см. дейін) ақ басты сары үйрек. Ата үйрегінің сары-қызғылт басы кірпіш – қызыл денесінен жіңішке қара сақинамен бөлінген, ұрғашыларының сақиналары жоқ. Ұшып бара жатқанда иықтарының ағы жақсы байқалады.
Өте сақ және шулы құс – аздаған қауіп төнген кезде судың басын азан – қазан қылатын да осы құс. Ұясын тек су жағасындағы жазыққа ғана емес судан қашық жерлерге, сондай – ақ биік тауларға теңіз деңгейінен 3000 метрге дейінгі жерлеріне салады. Суыр, түлкі, қарсақ және басқа да сүтқоректілердің індерін пайдаланады, ұясын жартастардың жарығына, шөлейттегі терек тораңғы ағашының діңгегіне және басқа да қуыстарға салады. Ұрғашысы 9-12 кейде 17-ге дейін ақшыл сұр – жасылдау жұмыртқа басып шығарады, бұл кезде аталығы ұя салған аймақты жіті қорғаумен болады. Көктемде, даладағы қар ерісімен өте ерте ұшып келеді, қазан айында қайтады. Құстардың бір бөлігі Қазақстанның ең оңтүстігі мен Шарынның суы қайтпайтын төменгі сағасында қыстап қалады.
Олар, осы түр ұя салатын таралу аймағының солтүстік шекарасы өтетін ең солтүстік аймақты қоспағанда, Қазақстанның бүкіл аумақтарында өмір сүреді. Аймақтың сулануының жақсы индикаторы, ЕҚТА барлық шөлдерінде кездеседі.
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/zhanuarlar-d-niesi/122-saryala-az-tadorna-ferruginea.html#sigFreeIddb2a57b5fb