Түркімен құланы - Equus hemionus onager
Көбіне жабайы есек саналатын жылқының жабайы түрі. Көлемі бойынша (130 – 300 кг, дене ұзындығы шамамен 2 м, шоқтығының биіктігі 125см) ол есектен асады және жылқыға жол береді; жабайы жылқыға қарағанда басы ірі (тарпаң), ал құлағы ұзын. Аяқтары жіңішкерек, тұяқтары тар. Жалы қысқа, тік тұрады. Реңкі құмды – сары жалының бойымен қоңырқай жолақ кетеді, құйрығының ұшында қара шашағы бар.
Әр түрлі жабайы жылқы тәрізді, құланның табындарда қатаң иерархия сақталады – барлығы үйірді бастайтын айғырға бағынады. Жас айғырлардың табынында 4-5 ұрғашы жылқы, ересектерінде 10-15. Ұрғашылары 3-4 жаста бірінші ұрпақ әкеледі. Буаздығы 11-12 айға созылады. Төлдердің тууы мамыр – маусым айларына келеді. Құландар жақсы дамып туады, бірақ тістері болмайды. Олардың 18,4-27,9 кг салмағы бір айдың ішінде 82% артады. Жануарлар тәуліктің көп уақытында белсенді. Тіке тұрып та, жатып та демала береді. Шаңда, құмда аунай береді. Сирек айқайлайды. Құландар 20 жылға дейін өмір сүреді. Сирек және осал түрі ретінде МСОП және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.