Басқа бұлдырықтардан кішілеу (салмағы 200-250 г). Бұлдырықтардан айырмашылығы, қылқұйрық бұлдырықтың барлық үш алға бағытталған саусақтары бірігіп өскен және оның құмдағы ізі құсқа қарағанда аңның ізін көбірек еске салады, осыдан екінші атауы – «тұяқша».
Құйрығындағы ұзын бұрымшасы, ұзын өткір қанаттары көңіл аудартады және ұшуының өзі – жеңіл және жылдам. Бірақ қылқұйрық бұлдырықтардан басты айырмашылығы – ұшқан кезде көп мәрте «туктук» деп бір қалыпты қүңгірттеу үн шығарады. Дақтары бар сарғыш жұмыртқа 3 (сирек 2) салады. Бір ай ішінде ата – анасының екеуі де басып шығарады.
Еділдің сағасынан бастап Маньчжурияға дейін мекендейді. Қазақстанда ұясын тек шөлдер мен шөлейттерде ғана емес құрғақ даланың өңтүстік бөліктерінде салады. Соңғы жылдары саны күрт төмендеді, соныдықтан ол қазірдің өзінде Қазақстанның Қызыл кітабының екінші басылымына (1991) енгізілді.
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/zhanuarlar-d-niesi/107-yl-jry-b-ldyry-sadzha-syrrbaptes-paradoxus.html#sigFreeId86ae6958f0