Қара-қоңыр құс өзіне тән жыртқыш бейнелі, басы мен иығы ақшыл. Ұшу кезінде қанаттарының қаралау ұштары жақсы көрінеді.
Дауысы жоғары, шаңқылдақ. Еуразияның қоңыржай және оңтүстік ендіктерін, Солтүстік Африка мен Австралияны мекендейді. Қазақстанда барлық жерінде қамыс өскен суларда тұрады. Қамыстың сынған жері мен қопасында, кейде дәл су үстінен ұялайды. 3-тен 6-ға дейін, көбінесе
4-5 жасылдау арасында дағы бар жұмыртқа салады, оларды аналық басып шығарады, ал аталық ұя аумағын қорғайды және өзіне ғана емес аналығы үшін азық тауып, оны тамақтандырады. Балапандары 40 күнге толғанда қанатымен ұшады. Саз құладыны түрлі жануарлар тағамымен қоректенеді – көбінесе бұл ұсақ торғайлардан бастап, ірі үйрекке дейінгі құстар, сондай-ақ саршұнақтар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар және жәндіктер. Наурыздың ортасында ұшып келеді, ұяларынан қыркүйекте кетеді.