Күмәнді торсылдақ

Leontice incerta

 

Тіршілік формасы. Шөп.

Морфологиялық сипаттамасы. Биіктігі 10-16 см көпжылдық шөптесін өсімдік. Түйнегі шар тәрізді. Әдетте жапырақтарының саны екі, өте ұзын сағақта, үш бөлікті немесе екі рет үш бөлікті-бөлінген, ұзындығы 5 см дейін, бөліктері эллипстік немесе жұмыртқа тәріздес, шеттері тұтас, біраз қалың, бүйіріндегілері кейде екіге айырылған. Гүлдерінің диаметрі шамамен 12 мм, үстіңгі шоққа жиналған; гүл тостағаншасының жеке жапырақтары эллипстік немесе жұмыртқа тәріздес, бүйрек тәріздес пішінді, үстіңгі шетінде шала тісті, түбіне қарай жұқа тырнақшаға тарылған өте кішкентай күлтелерден 4-5 есе ұзын. Аналығының мойыны өте қысқа және отырма аузы бар. Қауашағы ірі, диаметрі 25 мм дейін, шар тәріздес, көпіршікті-іскен, ашылмайтын. Тұқымы қара-қоңыр.

Наурыздың соңы-сәуірде гүлдейді, мамырда жемістейді.

Экологиясы: сарғыш топырақты, ұсақ топырақты, қиыршық тасты, тасты бөктер, қалдық аласа таулар, құмды, саз шөлдер, сор жер.

Ескертпе: жерасты бөлігінде алкалоидтар бар.

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған

#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары