Тіршілік формасы. Су шөбі.

Морфологиялық сипаттамасы. Су астында бұралып өсетін тамыр сабағы бар судағы шөптесін тамыр жаятын өсімдік. Жапырақтары мен гүлдері суда жүзіп жүреді. Жапырақтары қарапайым, сопақша, дөңгелек не жұмыртқа тәріздес нысанда, сәл ойылған, үстіне қарай қайырылған; олардың жоғарғы бөлігі көн тәрізді, төменгі жағы – безді. Гүлдері бес күлтелі, сары түсті, көлемі 2-5 см, шатыр тәрізді немесе қалқан тәрізді гүлшоғырға жиналған. Жемісі – қоңыр, сары немесе жасыл түсті қауашақ.

Экологиясы: ағынсыз немесе ағыны жай су қоймаларында, таяз суда өседі.

Шілдеде-тамызда гүлдейді.

Ескертпе. Декоративті, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қытай медицинасында сергітетін дәрі-дәрмек ретінде пайдаланылады.

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған

 #Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары